Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
43
Таңдалған функцияларға байланысты жоғары көлемді финишер шығарылатын 
қағазды сұрыптауы, тіркеуі жəне тесуі мүмкін (қолжетімді болса). Ол 80 г/м2 (20 
фунт) қағаздың 2 - 100 парағын, ал ауыр салмақты қағаз не затбелгілерді 
пайдаланған кезде азырақ тіркей алады.
Басып шығаруді кідірту жəне шығыс тартпасын босату үшін финишердің үстіндегі 
"Кідірту" түймесін қолданыңыз. Жалғастыру үшін түймені қайта басыңыз.
Финишер степлерінде 5000 қапсырма қамтитын 1 қапсырма картриджі бар.
Буклет жасау степлерінің əрбірі 2000 қапсырмасы бар картриджді қамтиды.
Бұл финишерді қосымша 2, 3 не 4 тескіш жинағымен жəне 6 науасы (Өңдеуден 
кейінгі енгізгіш) жинағымен орнатуға болады.
Жоғары көлемді финишер сондай-ақ буклеттердің бүгіліп, тіркелуіне мүмкіндік 
беретін буклет жасау құрылғысымен қолжетімді. Бүктелген парақтар мен 
буклеттер 10 - 30 буклетке дейін ұстай алатын буклет науасына беттердің нөміріне 
байланысты жеткізіледі. Егер науаның оң жағындағы жапқыш төмен қарай бүгілген 
болса, сəйкес контейнерде буклеттердің шексіз санын жинауға болады.
Егер сіздегі жоғары көлемді финишерде буклет жасау құрылғысы бар болса, онда 
үш бүктеу модулін де орнатуға болады. Бұл құрылғыңыздың үш бүктеп шығаруына 
мүмкіндік береді. Үш бүктеу модулі орнатылған күйде финишердің стапельді 
науасының сыйымдылығы 2000 параққа дейін жəне қағаздың максималды 
салмағы 120 г/м2 (32 фунт) дейін азаяды.
Басқару панелінің түймешіктерін 
анықтау
1.  Services Home (Қызметтердің басты беті): Құрылғыдағы қолжетімді 
қызметтерге кіру рұқсатымен қамтамасыз етеді.
2.  Services (Қызметтер): Тапсырма күйі экраны немесе Құрылғы күйі экраны 
көрсетілген кезде, дисплейді Көшіру, Факс немесе Сканерлеу функциясының 
экранына қайтарады.
3.  Job Status (Тапсырма күйі): Белсенді тапсырмалар прогресін тексеру үшін 
немесе аяқталған тапсырмалар туралы толық ақпаратты көрсету үшін 
қолданылады.
4.  Machine Status (Құрылғы күйі): Құрылғы күйін, электр есептегіштерін, шығын 
материалдарының күйін тексеру үшін немесе пайдаланушы құжаттамасын жəне 
есептерін басып шығару үшін қолданылады. Осы түймешікті Tools mode 
(Құралдар режиміне) кіру кезінде де қолданылады.