Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
56
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
Факс
Факс опцияларын түсіндіру
Сіздің құрылғыңызға орнатуға жəне іске қосуға болатын үш Факс қызметтері бар, олар 
- Fax (Embedded Fax) (Факс (кірістірілген факс)), Internet Fax (Интернеттік факс) жəне 
Server Fax (Серверлік факс).
Егер Факс (Кірістірілген факс) қызметі орнатылса, құрылғы телефон желісіне тікелей 
қосылады, сондықтан факс тасымалдарын тікелей басқаруға мүмкіндік береді. 
Факстың осы түрі телефон желілері арқылы жұмыс істейді жəне сондықтан телефон 
тарифтері бойынша төленеді.
Факс қызметін қолдану құжаттарды сканерлеуге жəне оларды телефон желісіне 
қосылған көптеген факс құрылғыларының көптеген түрлеріне жіберуге мүмкіндік 
береді.
Қабылданған факстар құрылғыда автоматты түрде басып шығарылу үшін 
орнатылады, құпия код енгізілгенше тапсырма уақытша сақталады немесе Fax 
Forward (Факсты қайта жіберу) функциясы арқылы электрондық поштаға жіберледі.
Стандартты Fax (Факс) опциясы бір телефон желісіне жалғанады. Сонымен қатар, екі 
телефон желісін қолданатын Extended Fax (Кеңейтілген факс) опциясы да қолжетімді. 
Екі телефон желісін қолдану бір уақытта екі мекенжайға факс жіберуге, екі 
мекенжайдан факс қабылдауға немесе бір уақытта жіберуге жəне қабылдауға 
мүмкіндік береді.
Internet Fax (Интернеттік факс) қызметі басып шығарылған түпнұсқа құжатты 
сканерлеу арқылы электрондық кескін файлын жасауға мүмкіндік береді. 
Сканерленген кескін интернет немесе интранет арқылы тасымалдау үшін 
электрондық пішімге өзгертіледі.
Алушылар мекенжай кітабынан таңдалады немесе пернетақта арқылы қолмен 
енгізіледі. Қабылданған интернеттік факстар серверден құрылғыға басып 
шығарылатын тапсырмалар ретінде автоматты түрде жіберіледі.
Server Fax (Серверлік факс) қызметі құжаттарды сканерлейді жəне оларды телефон 
желісіне қосылған факс құрылғысының кез келген түріне жібереді. Кескіндер 
құрылғыдан Third Party (Үшінші тарап) факсының серверіне жіберіледі, ол кескіндерді 
телефон желісі арқылы сіз таңдаған факс нөміріне жібереді.
Бұл дегеніміз факс тасымалдары факс опцияларын шектейтін сервер арқылы 
басқарылатындығын білдіреді. Мысалы, сервер жұмысы аз болған уақытта барлық 
факстарды жинау жəне жіберуге орнатылуы мүмкін.
Сервер арқылы басқару шығындарды да азайтуы мүмкін, себебі сервер факсты 
тасымалдау үшін қолдануға болатын ең сəйкес келетін уақытты жəне телефон желісін 
таңдай алады.