Xerox WorkCentre 5865/5875/5890 Guía Del Usuario

Descargar
Página de 96
Жұмысқа кірісу
Xerox
® 
 WorkCentre
® 
5800/5800i сериясы
Қысқа іске қосу нұсқаулығы
89
Қағаз кептелістерін тазалау
Қағаз кептелісі орын алған кезде, қайтару нұсқауларын көрсететін ақаулық туралы 
экран көрсетіледі. Ақаулықты жою үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
Қағаз кептелісі тазаланған кезде, кез келген жойылған басып шығарылатын парақтар 
автоматты түрде қайта басып шығарылады.
1.  Ақаулық туралы экран кептеліс орнын көрсетеді. Кептеліп қалған қағазды алу 
үшін, сенсорлы экранда көрсетілген нұсқаулықтардағы көрсетілген жасыл 
тұтқалар мен тұтқыштарды қолданыңыз.
2.  Барлық кептелісті тазалау тұтқалары мен иінтіректері өздерінің дұрыс күйіне 
оралғандығына көз жеткізіңіз. Кептелісті тазалау тұтқалары мен иінтіректерінің 
артқы жағындағы қызыл жарқылдар көрінбеуі тиіс.
Анықтама
Құрылғыдағы анықтама мүмкіндіктеріне кіру
Құрылғыны пайдаланған кезде, толық жəне мерзімді анықтамаға саусақтарыңыздың 
ұшынан қол жеткізуге болады. Анықтамалық ақпарат пен кеңестерге əртүрлі 
көздерден қол жеткізуге болады.
1.  Анықтама экрандарына кіру үшін басқару панелінде Help (?) (Анықтама (?)) 
түймешігін кез келген уақытта басыңыз.
2.  Қажетті элементті орналастыру үшін жылжыту жолағын пайдаланыңыз жəне 
элементті таңдаңыз. Хабарлар, экран нұсқаулары жəне сызбалар қосымша 
ақпаратты қамтамасыз етеді.
3.  Анықтама экрандарын жабу үшін Help (?) (Анықтама (?)) түймешігін қайта 
басыңыз.