Zanussi ZWY61005RA Manual De Usuario

Descargar
Página de 40
90˚
Мұздап кетуден сақтау
Құрылғы температурасы 0 °C градустан
төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын
және төгетін түтіктердегі, су төгетін
сорғыдағы қалған суды төгіңіз.
Суды тосын жағдай орын
алғанда төгу үшін де осы
әрекетті орындаңыз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жауып, су құятын түтікті
ағытыңыз.
3. Су төгетін түтікті раковинадан немесе
төлкеден ағытыңыз.
4. Су төгетін және құятын түтіктердің
ұшын сауытқа салыңыз. Түтіктердегі
суды ағызыңыз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз да,
құрылғыны қайта іске қосыңыз.
6. Кез-келген жуу циклын "Су төгу және
Айналдыру" параметрімен бірге
орнатыңыз, ол циклдың соңына дейін
жұмыс істеуі керек.
7. Құрылғыны сөндіру үшін   түймешігін
басыңыз.
8. Құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қайта іске қолданар алдында
температураның 0 °C градустан жоғары
екеніне көз жеткізіңіз. Төмен температураға
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кіріспе
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық
сигналдар қосылады және бейнебетте
ескерту коды пайда болады:
 - Құрылғыға су дұрыс құйылмай
тұр.
 - Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының қақпағы немесе
барабанының есіктері ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Екеуін де тексеріңіз!
 - Электр желісі тұрақты емес.
Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
 - Құрылғының электронды
элементтерінің арасында байланыс жоқ.
Сөндіріңіз де, қайта қосыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
16
www.zanussi.com