Zanussi ZWY51004WA Manual De Usuario

Descargar
Página de 40
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Құрылғының қақпағын аша
алмадыңыз.
• Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
• Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
циклын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын шуыл
шығады.
• Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
• Орам материалдарының және/немесе тасымал болттарының
алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату бойынша нұсқаулық"
тарауын қараңыз.
• Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
Құрылғыға су құйылады
да, дереу төгіледі.
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Су
түтігінің ұшы тым аласа орнатылған болуы мүмкін. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
• Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
• Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
• Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз
жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер құрылғыда басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе (
 түймешігінің индикаторы
қызыл түспен жыпылықтайды). Құрылғыны
сөндіріңіз де, іске қосыңыз. Ақаулық
жалғаса берсе, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді
дайындап алыңыз. Бұл ақпаратты
техникалық ақпарат тақтайшасынан таба
аласыз. үлгі (Mod.), Өнім нөмірі (Prod.No.),
Сериялық нөмірі (Ser.No.).
Техникалық сипаттама
Өлшемі
Ені / Биіктігі / Тереңдігі/
Жалпы тереңдігі
400 мм/ 890 мм/ 600 мм/ 600 мм
Электртоғына қосу
Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
17