Zanussi ZWSE680V Manual De Usuario

Descargar
Página de 56
A
Сұйық жуғыш затты
пайдалану үшін:
1. Жуғыш зат бөлгішті 
A қалпынан алыңыз.
B
2. Жуғыш зат бөлгішті 
B қалпына қойыңыз.
3. Жуғыш зат
үлестіргішін абайлап
жабыңыз.
Қайта ұнтақ жуғыш затты
пайдалану үшін, жуғыш зат
бөлгішті қайта A қалпына
қойыңыз.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған
кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды
қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты жуғыш
заттың бөлгішіндегі
көрсетілген межеден
асырмаңыз.
• Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін
орнатпаңыз.
Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама орнату және құрылғыны
қосу үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтауын тоқтатады.
Цикл 
 индикаторы тұрақты жанып
тұрады.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
Кешіктіріп бастау параметрі бар
бағдарламаны бастау
1. Қажетті кешіктіріп бастау циклын
орнату үшін Отложенный старт
түймешігін бірнеше рет басыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау параметрінің
индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Есік құлыпталған.
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау параметрін 
Старт/Пауза түймешігін баспай
тұрып өзгертуге немесе
болдырмауға болады. Старт/
Пауза түймешігін басқаннан
кейін, кешіктіруді болдырмайтын
ғана мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін бір
рет ғана басыңыз, орнатылған
кешіктіру индикаторы сөнеді.
Бағдарламаны дереу бастау үшін 
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
www.zanussi.com
11