Zanussi ZWSG7120V Manual De Usuario

Descargar
Página de 44
Сұйық жуғыш затты пайдаланған
кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды
қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты жуғыш
заттың бөлгішіндегі
көрсетілген межеден
асырмаңыз.
• Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін
орнатпаңыз.
Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама орнату және құрылғыны
қосу үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
• Старт/Пауза түймешігінің
индикаторы жыпылықтайды.
• Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің индикаторы
жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте 
 көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
• Старт/Пауза түймешігінің
индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да, 
 индикаторы
жанады.
• Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталады.
• Бағдарламаның уақыты бір минутқа
тең қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
Кешіктіріп бастау параметрі бар
бағдарламаны бастау
1. Отложенный старт түймешігін
бейнебетте орнатқыңыз келген
кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау
индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Есік бұғаттаулы және 
индикаторы жанып тұр.
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған Отложенный старт
параметр мәнін Старт/Пауза
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады. Старт/Пауза түймешігін
басқаннан кейін, Отложенный
старт параметрін болдырмайтын
ғана мүмкіндік бар.
Отложенный старт параметрін болдырмау
үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз. Старт/
Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін
бейнебетте   пайда болғанша
басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін   қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы
төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш
зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз, егер
жоқ болса қайтадан толтырыңыз.
12
www.zanussi.com