Zanussi ZWSG7100VS Manual De Usuario

Descargar
Página de 60
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу циклын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
• Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе,
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су
төгетін сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді немесе
жуу циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
• Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
• Айналдыру циклын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
• Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе,
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су
төгетін сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Еденге су аққан.
• Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын және төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне
көз жеткізіңіз.
• Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін аша
алмадыңыз.
• Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
• Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
циклын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
• Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
• Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату бойынша
нұсқаулық" тарауын қараңыз.
• Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
Құрылғыға су құйылады
да, дереу төгіледі.
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Су
түтігінің ұшы тым аласа орнатылған болуы мүмкін. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш
затты пайдаланыңыз.
• Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
• Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
• Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз
жеткізіңіз.
18
www.zanussi.com