Zanussi ZWSO6100V Manual De Usuario

Descargar
Página de 56
• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Ең көп салмақ 4 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
• Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық
қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
• Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз жəне ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) жəне 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс
• Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
  Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
• Орам материалдарының жəне тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы əсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді жəне таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
 
3
www.zanussi.com