Zanussi ZWSO6100V Manual De Usuario

Descargar
Página de 56
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын
түтікті қайта орнына қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны қайта іске
қолданар алдында
температураның 0°C градустан
жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық сигнал
естіледі. Ескерту кодын көрсету үшін қызыл
индикатор (Старт/Пауза түймешігінің)
жыпылықтайды да, цикл индикаторларының
бірі жанады:
 - Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
 - Құрылғының суы төгілмей тұр.
 - Құрылғының есігі ашық немесе дұрыс
жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
• Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
қызыл түспен 11 рет және 1 (немесе 2
немесе 3) рет жасыл түспен
жыпылықтайды: электрмен жабдықтау
тұрақты емес. Электр желісі тұрақтанып,
құрылғы автоматты түрде жұмыс істей
бастағанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
• Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
16