Samsung RL 59 GYBMG Manual De Usuario

Descargar
Página de 48
14_
 
Ақаулықтарды жою
Ақаулықтарды жою
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМ
Құрылғы мүлдем 
жұмыс істемейді немесе 
температурасы тым 
жоғары.
•  Қуат алу шнуры айырының дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
•  Алдыңғы панельдегі температураның дұрыс белгіленгендігін 
тексеріңіз.
•  Құрылғының күн сәулесі тікелей түсетін жерде немесе 
жылу көзінің жанында орналаспағандығын тексеріңіз.
•  Құрылғының қабырғаға тым тақап қойылмағандығын тексеріңіз.
Тоңазытқыштағы азық-
түліктер үсіп кетеді.
•  панельдегі температураның тым төмен еместігін Алдыңғы 
тексеріңіз.
• Бөлмедегі температураның тым төмен еместігін тексеріңіз.
Іске қосылып тұрған 
кезде біртүрлі дыбыстар 
шығады.
•  Құрылғының мықты әрі түзу жерге орнатылғандығына көз 
жеткізіңіз.
•  Құрылғының қабырғаға тым тақап қойылмағандығын тексеріңіз.
•  Құрылғының артына немесе оның астына бөгде заттардың 
түсіп кетпегендігін тексеріңіз.
• Компрессордың әсерінен шу шығып тұрма, тексеріңіз. 
•  Құрылғының әртүрлі бөліктері тарылған немесе кеңейген 
жағдайда тықылдаған дыбыстар шығады.     
Құрылғының алдыңғы 
бұрыштары мен 
қапталдары жылы және ол 
жерлерде су тамшылары 
жинала бастайды.
•  Конденсатты болдырмас үшін құрылғының алдыңғы 
бұрыштарында жылу ұстағыш түтіктер орнатылған. Сыртқы 
температура жоғары болған жағдайда олар әрдайым тиімді 
бола бермейді. Соған қарамастан, мұнда тұрған ештеңе жоқ. 
•  Ауадағы ылғал салқын жермен әрекеттескенде конденсат 
пайда болады. 
Құрылғыдан сұйықтықтың 
сылдырлаған дыбыстары 
естіледі. 
•  Бұл құрылғының ішкі бөлігін салқындатып жатқан 
хладагент.
Құрылғының ішінен 
жағымсыз иіс шығады.
• Тоңазытқышта бұзылған тағамдардың жоқтығын тексеріңіз.
•  Балық тәрізді иісі ерекше шығатын тағамдардың мықтап 
оралғандығын тексеріңіз.
• Тоңазытқышты бұзылған тағамдардан үнемі тазартып отырыңыз.
Құрылғының 
қабырғаларында қыраулы 
қақ пайда болды. 
•  Сақталынған азық-түліктер желдеткіш тесіктерін жауып 
қалмағандығын тексеріңіз.
•  Тағамдарды құрылғының желдеткішіне кедергі 
келтірмейтіндей етіп орналастырыңыз.
•  Есіктің мықтап жабылғандығын тексеріңіз. 
Құрылғының ішкі 
қабырғасында және онда 
сақталып тұрған көкөністерде 
конденсат пайда болады. 
•  Бұл, егер құрылғыда құрамында сұйықтығы көп азық-
түліктер тиісті түрде қапталмай салынса немесе есік тым 
ұзақ ашық тұрған жағдайда болады.
•  Азық-түліктерді қаптамасымен немесе герметикалық 
ыдыспен сақтаңыз.