Polaris PWK 1725 CAW Каппучино Manual De Usuario

Descargar
Página de 22
 
20 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық: 
 
Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Суды қайнатуға арналған сыйымдылықта 
қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  қажет. 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    су  қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан  тазарту 
керектігін білдіреді.  
 
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін  лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады: 
 
  25г. Лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
  15 минутқа қалдырыңыз.  
  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
 
Немесе  сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады: 
 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады. 
  Осы қоспаны  қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,  
бірнеше рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайыңыз да құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
Сондай-ақ  сіз  металл  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды  пайдалана 
аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
 
Кофе қайнатқыштарды және бумен істейтін үтіктерді қақтан тазартуға арналған құралдар  Сіздің 
POLARIS шәйнегіңізге жарамайды және оларды қолданған жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
 
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты  пайдаланғанда  қашанда су қосыңыз. Бұл ұнтақты суы жоқ 
шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
 
Шәйнектің ішкі жағын тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!
  Сүзгіні  алу  немесе  орнату  кезінде  шәйнек  сөнген  және  желіден  ажыратылған 
болуы тиіс. Шәйнектегі  суды  төгіңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз. 
 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз. 
 
Сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, қапақтың астында орналасқан. 
 
Сүзгіні тазарту үшін, оны жоғарғы қарай тартып, шәйнектен шығарыңыз (торды баспаңыз!).  
   
 
Сүзгіні ағып тұрған судың астына қойып, жұмсақ қылшақтың (жиынтыққа кірмейді)  көмегімен 
абайлап тазартыңыз. 
 
Сүзгіні шәйнекке орнатқанда қолыңыз жақсылап жуылған болуы тиіс. Қолдың терісінде сабын, 
крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл  суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.  
 
Тазартылған  сүзгіні  шүмектің  ішінде  орнатылған  науашықтарға  абайлап  орнатыңыз  және  оның 
жоғарғы  жағынан  басыңыз, 
сүзгінің  асты  жағында  орналасқан  ілгешек  шәйнектің  сырты  бетіне 
іліну тиіс.  
 
Назар аударыңыз!
 Сындырып алмас үшін сүзгінің торларын баспаңыз. 
 
Ескертпе:  Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі  тұрмыстық  
қалдықтармен бірге   лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны 
сақтауға  көмектесесіз.