Polaris PWK 1232 CCD Весна Manual De Usuario

Descargar
Página de 25
 
 
22 
 
Температураны орнату
:  
 
 
2  және  4    сенсорларын  басып  (бірнеше  секунд  ішінде  ұстап  тұрыңыз),  Сізге  қажетті    судың 
температурасын (20 ° C-тан 100 ° C-қа дейін,  5° C қадамымен) орнатыңыз. 
 
Белгілі температураға дейін суды жылыту: 
 
 
Сізге қажетті судың температурасын орнатыңыз (20 ° C-тан 100 ° C-қа дейін,  5° C қадамымен). 
Содан кейін 1 сенсорын басыңыз. 
Назар  аударыңыз!  Судың  ағымдағы  температурасы    мен    орнатылған    температураның  арасы   
+10° С – тан кем болмауы тиіс. 
 
Орнатылған температураға дейін  су жылыған соң, шәйнек өшеді, дисплейде судың ағымдағы 
температурасы  көрінеді.  Жылыту  аяқталғаннан  кейін  температураның  мәні  орнатылған  мәннен 
жоғары болуы мүмкін. 
 
     Судың температурасын сақтау: 
 
 
Сізге қажетті судың температурасын орнатыңыз (20 ° C-тан 100 ° C-қа дейін,  5° C қадамымен). 
Содан кейін 5 сенсорын басыңыз. 
Назар  аударыңыз!  Судың  ағымдағы  температурасы    мен    орнатылған    температураның  арасы   
+10° С – тан кем болмауы тиіс. 
 
Егер  шәйнектегі  судың  температурасы  Сіз  орнатқан      температурадан  төмен  болса,  шәйнек 
алдымен суды қажет температураға дейін қыздырады, содан кейін температураны сақтау режиміне 
өтеді. Егер шәйнектегі судың температурасы Сіз орнатқан температурадан жоғары болса, шәйнек 
суды жылытпайды. 
Дисплейде  сол  уақыттағы  судың  температурасы  көрінгенімен,  көрсеткіш  орнатылған  мәнге 
қатысты ауытқуы мүмкін. 
 
Температураны сақтау функциясын  кейінге қалдыру үшін, 5 сенсорына тағы бір рет басыңыз. 
 
Судың    температурасын  сақтау  ұзақтығы  –  60  мин.  Осы  уақыт  өткен  соң      сенсордың 
индикаторы 5 және  дисплей сөнеді, құралдың негізі күту режиміне өтеді. 
 
Алғаш рет пайдаланар алдында шәйнектің ішін тазарту үшін екі рет су қайнатып, суды төгіңіз. 
 
Шәйнектің  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз  немесе  оны  түпқорядан  алмас  бұрын,  су  құю  үшін 
қолыңызбен сөндіріңіз.   
 
Бір суды екі қайтара қайнатпаңыз. 
 
Шәйнек  сөнгеннен  (суығаннан)    кейін  15-20  секунд  өткесін  шәйнекті  қайтадан  пайдалануға 
болады. 
 
 
Тазарту және күту 
 
Құралды тазарту: 
 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен  сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарды және  метал талшықтардан жасалған  тырмалайтын 
губкаларды  қолданбаңыз.    
 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.