Redmond RHF-3315 Manual De Usuario

Descargar
Página de 28
22
V.   КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші кепілдік 
кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен 
материалдар немесе жинау сапасының жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық 
ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік тало-
нында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы 
кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделмеген, 
бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен 
қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның 
табиғи тозуына және шығын материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және 
тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс мерзімі 
бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін 
болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық 
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы және 7-ші белгілер 
айды, 8-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық 
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған 
күнінен 3 жыл құрайды. 
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды 
қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Қоршаған 
ортаға қамқорлық білдіріңіз: мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен 
тастамаңыз.