Electrolux ESF 9862 ROX Manual De Usuario

Descargar
Página de 68
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
11.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
11.3 Сыртын тазалау
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені
немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
11.4 Ішін тазалау
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз,
есіктің резеңке тығыздағышын
жұмсақ, дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе қақ жиналып қалуы
мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын
алу үшін ұзақ бағдарламаларды
айына кем дегенде 2 рет қосып
орындауды ұсынамыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе
жұмыс жасап тұрып тоқтап қалса.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласу алдында, кестеде
көрсетілген ақпаратты қолданып,
ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
Кей ақаулықтар орын алғанда,
дисплейде ескерту коды
көрсетіледі.
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса
алмадыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Start түймешігін басыңыз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып
тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл
үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
www.electrolux.com
20