Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manual De Usuario

Descargar
Página de 132
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
8 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат бермеңіз. Ауыр жарақат алуы 
мүмкін.
•  Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге рұқсат бермеңіз. Қамалып қалуы мүмкін.
•  Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.
 - Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
•  Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды не температураға сезімтал заттарды 
тоңазытқышта сақтамаңыз.
 - Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.
•  Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын қоюға 
немесе қолдануға болмайды.
•  Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат ашасын дереу ағытып, Samsung 
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
 - Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
•  Балаларға тартпаны басып кетуге рұқсат бермеңіз.
 - Тартпа сынып, балалар тайып құлап кетуі мүмкін.
•  Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз және балаларға тоңазытқыштың 
ішіне кіруге жол бермеңіз.
•  Сәбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.
 - Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға байланысты мерт болу қаупі бар.
•  Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.
 - Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.
•  Құрылғының бетіне құрт-құмырысқа жойғыш тәрізді ұшқыш спрейді шашпаңыз.
 - Адамдарға зиянды болумен қатар, электр тогы соғуы, өрт қатерін тудыруы немесе құрылғыға 
зақым келтіруі мүмкін.
•  Тұтанғыш спрей, тұтанғыш заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек немесе химикат тәрізді температураға 
сезімтал заттарды құрылғының қасында пайдаланбаңыз немесе ішіне қоймаңыз.
•  Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз. Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті 
кетіру үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған 
шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.). Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға 
байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін. Су құйылған сауытты құрылғының 
үстіне қоймаңыз.
 - Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.
•  Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа 
құралдарды қолданбаңыз.
•  Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.
Untitled-2   8
2017-02-06     6:01:57