Samsung NV75K5541BB Manual De Usuario

Descargar
Página de 192
36 Казақ
См
ар
т пісір
у
Смарт пісіру
Үй пиццасы
Құраластар
• Пицца наны: 300 г ұн, 7 г құрғақ ашытқы, 1 ас қасық зәйтүн 
майы, 200 мл жылы су, 1 ас қасық қант және тұз.
• Безендіру үшін: 400 г тілімдерге бөлінген көкөніс (баклажан, 
кәді, пияз, қызанақ), 100 г бэкон немесе ветчина (туралған),  
100 г үккіштен өткізілген ірімшік 
Нұсқаулар
Ұнды, ашытқыны, майды, тұзды, қантты және жылы суды шараға 
құйып, ылғалдау етіп қамыр илеңіз. Миксермен немесе қолмен 
шамамен 5-10 минут илеңіз. Қақпақ жауып, пешке 30 минут  
35 °C градусқа тындыру үшін қойыңыз. Ұн себілген бетке 
қамырды жазып, тік төртбұрыш пішімге келтіріп, науаға немесе 
пицца табасына салыңыз. Қамырға қызанақ езбесін таратып 
салып, ветчинаны, саңырауқұлақты, зәйтүнді және қызанақты 
салыңыз. Үстіне біркелкі етіп ірімшік сеуіп, пісіріңіз.
Сиырдың қуырылған қоң еті
Құраластар
1 кг сиырдың қоң еті, 5 г тұз, 1 г бұрыш, әрқайсысынан  
3 г розмарин, тимьян
Нұсқаулар
Сиыр етіне тұз, бұрыш және розмарин қосып дәм-татымын 
келтіріп, тоңазытқышқа шамамен 1 сағат қойыңыз. Тор сөреге 
қойыңыз. Пешке салып пісіріңіз.
Қойдың туралған, шөп қосып қуырған еті
Құраластар
1 кг қойдың туралған еті (6 бөлік), 4 үлкен сарымсақ түйірлері 
(езілген), 1 ас қасық жас тимьян (үгілген), 1 ас қасық жас 
розмарин (үгілген), 2 ас қасық тұз, 2 ас қасық зәйтүн майы
Нұсқаулар
Тұзды, сарымсақты, шөптерді араластырып, қой етіне қосыңыз. 
Киімге орап, кемінде 30 минуттан 1 сағатқа дейін бөлме 
температурасына қойыңыз.
Киш лорен
Құраластар
• Кондитер өнімі: 200 г таза ұн, 80 г сары май, 1 жұмыртқа
• Толтырмасы: 75 г текшеленіп туралған майсыз бэкон,  
125 мл қаймақ, 125 г жас қаймақ, 2 көпіршітілген жұмыртқа,  
100 г үккіштен өткізілген Швейцар ірімшігі, тұз және бұрыш
Нұсқаулар
Қамыр дайындау үшін ұнды, сары майды және жұмыртқаны 
шараға салып, қамыр жұмсарғанша араластырып, содан кейін 
тоңазытқышқа 30 минут қойыңыз. Қамырды жазып, кишке 
арналған (диаметрі 25 см), майланған керамика ыдысқа салыңыз. 
Астыңғы жағын шанышқымен тесіңіз. Жұмыртқа, қаймақ, жас 
қаймақ, ірімшік, тұз және бұрыш салып араластырыңыз. Оны 
қамырға пісіруге сәл уақыт қалған кезде құйыңыз.
Жеміс қоқымдары
Құраластар
• Безендіру үшін: 200 г ұн, 100 г сары май, 100 г қант, 2 г тұз,  
2 г дәмқабық ұнтағы
• Жеміс: 600 г аралас жемістер
Нұсқаулар
Барлық қоспаларды толтырма жасау үшін үкпе массаға 
айналғанша араластырыңыз. Араласқан көкөністерді пеш 
ыдысына салып, үкпе массаны себіңіз.
NV75K5541RB_WT_DG68-00743A-01_RU+UK+KK+UZ.indb   36
2017-02-03     11:02:28