Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
108
3. Қызмет көрсету
Алуға болатын қосалқы бөлшектер
Қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, құрылғыны сатып алған жеріңізге хабарласыңыз. Қосалқы бөлшектерді тек құрылғыны сізге сатқан өкілетті 
қызмет көрсетуші, дилер немесе сатушы ауыстыра алады. Кепілдік «Орташа өнімділік» көрсеткішіне жеткен ешбір қосалқы бөлшектерді 
ауыстыруды қамтымайды.
Бөлшектердің тозуы салдарынан баспа сапасы мен қағаз берілімі мəселелері туындамау үшін, қосалқы бөлшектер белгілі бір уақыт 
аралықтарында ауыстырылады. Төмендегі кестені қараңыз. Оның мақсаты құрылғының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. 
Төмендегі қосалқы бөлшектердің əрқайсысының қызмет мерзімі аяқталғанда, олар ауыстырылуы тиіс.
Бөліктер
Орташа өнімділік
a
a. Оған пайдаланылатын операциялық жүйе, есептеу өнімділігі, бағдарлама, жалғау əдісі, материал түрі, материал өлшемі жəне тапсырманың күрделілігі əсер етеді.
CLX-419x series/C186x series
CLX-626x series
Конвейер ролигі
Шамамен 100 000 бет
Шамамен 100 000 бет
Термофиксатор құрылғысы
Шамамен 50 000 бет
Шамамен 100 000 бет
Алу ролигі
Шамамен 200 000 бет
Шамамен 300 000 бет
Тоқтатушы ролигі
Шамамен 100 000 бет
Шамамен 100 000 бет
Аралық конвейер құрылғысы (ITB) Шамамен 100 000 бет
Шамамен 100 000 бет