Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
Құрылғыны тазалау
125
3. Қызмет көрсету
Ішкі бөлігін тазалау
Басып шығару барысында, қағаз, тонер жəне шаң түйіршіктері құрылғының ішіне жиналуы мүмкін. Осы жиналған қоқым баспа сапасын төмендетуі 
мүмкін (мысалы, тонер дақтарының жəне жағындыларының пайда болуы). Құрылғының ішін тазалау тазалайды жəне бұл ақауларды азайтады.
 
• Зақымнан қорғау үшін, тонер картриджін бірнеше минуттан артық жарықта ұстамаңыз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз. 
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз. 
• Құрылғының ішін тазалағанда құрғақ, түксіз шүберекті пайдаланыңыз. Тасымалдау ролигін немесе басқа ішкі бөліктерді зақымдап алмаңыз. 
Бензин немесе араластырғыш сияқты еріткіштерді пайдаланбаңыз. Басып шығару сапасының ақауы пайда болып, құрылғыға зиян келтіруі 
мүмкін.
 
 
• Құрылғыны тазалау үшін мамықсыз матаны пайдаланыңыз.
• Құрылғыны өшіріңіз де, шнурды ажыратыңыз. Құрылғы суығанша күтіңіз. Егер құрылғыда қуат қосқышы бар болса, құрылғыны тазалау 
алдында қуат қосқышын өшіріңіз.
• Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. 
Құрылғының түрін тексеріңіз (26-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).