Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
Сымсыз желіні орнату
260
2.  Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
22 
Wi-Fi Direct протоколын ұшқыр басып шығару 
үшін реттеу
Wi-Fi Direct – Wi-Fi Direct куəліктендірген принтер мен ұшқыр құрылғы 
арасында орнату оңай тең рангілі желіге қосылу əдісі. Ол қауіпсіз 
қосылымды жəне Ad Hoc режимінен жақсырақ өткізу қабілетін 
қамтамасыз етеді.
Wi-Fi Direct көмегімен қазіргі уақытта қатынас орнына қосулы кезде 
принтерді Wi-Fi Direct желісіне қоса аласыз. Сонымен қатар, сымды 
желі мен Wi-Fi Direct желісін бір уақытта пайдалана аласыз, осылайша 
бірнеше пайдаланушы Wi-Fi Direct желі жəне сымды желі екеуінен де 
құжаттарға қатынаса жəне басып шығара алады.
 
• Сіз ұшқыр құрылғыңызды принтердің Wi-Fi Direct желісі арқылы 
интернетке қоса алмайсыз.
• Қолдау көрсетілетін протоколдар тізімі моделіңізден басқаша 
болуы мүмкін, Wi-Fi Direct желілері IPv6 протоколын, желіні 
сүзуді, IPSec, WINS жəне SLP қызметтерін қолдамайды. 
• Wi-Fi  Direct  арқылы қосуға болатын құрылғылардың ең көп саны 
- 3.
 
Wi-Fi Direct желісін орнату
Wi-Fi Direct мүмкіндігін келесі əдістердің бірімен қосуға болады.
USB кабельмен қосылған компьютерден 
(ұсынылады)
Драйверді орнату аяқталғаннан кейін Samsung Easy Printer Manager 
бағдарламасын орнатуға жəне Wi-Fi Direct мүмкіндігінде өзгертулер 
жасауға болады.
 
Samsung Easy Printer Manager – Windows жəне Mac OS 
пайдаланушылары үшін ғана қол жетімді.
 
-
Бастау мəзірінде Бағдарламалар немесе Барлық 
бағдарламаларда
 > Samsung Printers > Samsung Easy Printer 
Manager > Параметры устройств > Сеть тармағына өтіңіз.
Вкл./Выкл. Wi-Fi Direct: Қосу үшін Включено параметрін 
таңдаңыз.
Имя устройства: Принтерді сымсыз желіде іздеу үшін 
принтер атын енгізіңіз. Əдепкі бойынша құрылғының аты 
оның модель аты болады.
IP-адрес: Принтердің IP мекенжайын енгізіңіз. Бұл IP 
мекенжай инфрақұрылымның сымды немесе сымсыз желісі 
үшін емес, ал тек жергілікті желі үшін пайдаланылады. Біз 
əдепкі жергілікті IP мекенжайды пайдалануды ұсынамыз 
(Принтердің Wi-Fi Direct үшін əдепкі жергілікті IP мекенжайы 
– 192.168.3.1)