Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
348
4.  Арнайы мүмкіндіктер
Сканерлеу мүмкіндіктері
 
• Негізгі сканерлеу мүмкіндіктерін 
Негізгі нұсқаулық қараңыз (
• Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол 
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша 
мүмкіндіктер" 
бөлімін қараңыз).
• Түрлі факторларға байланысты, соның ішінде компьютердің 
жылдамдығы, дисктегі бос орын, жады, сканерленетін суреттің 
өлшемі жəне биттік тереңдіктің параметрі, ең үлкен 
ажыратымдылыққа қол жеткізуге болады. Осылайша, жүйеңіз 
бен сканерленетін объектіге байланысты кейбір 
ажыратымдылықтарда, əсіресе кеңейтілген dpi пайдаланып 
сканерлеу қол жетімсіз болуы мүмкін.
 
19 
Негізгі сканерлеу əдісі
 
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол 
жетімді болмауы мүмкін (11-беттегі "Əр түрлі мүмкіндіктер" бөлімін 
қараңыз).
 
Құрылғыңыздың көмегімен USB сымы немесе желі арқылы 
түпнұсқаларды сканерлеуге болады. Құжаттарды сканерлеу үшін 
келесі əдістемелерді пайдалануға болады:
Сканир. на ПК: Түпнұсқаларды басқару тақтасынан сканерлеңіз. 
Содан кейін, сканерленген деректер қосылған компьютерлердің 
Менің құжаттарым қалтасында сақталады (90-беттегі "Негізгі 
сканерлеу" 
бөлімін қараңыз).
TWAIN: TWAIN - алдын ала орнатылған кескін 
бағдарламаларының бірі. Суретті сканерлеу таңдалған 
бағдарламаны іске қосып, сканерлеу процесін бақылауға мүмкіндік 
береді. Бұл мүмкіндікті жергілікті қосылым немесе желілік қосылым 
арқылы пайдалануға болады (353-беттегі "Суреттерді өңдеу 
бағдарламасында сканерлеу" 
бөлімін қараңыз).
Samsung Easy Document Creator: Суреттерді немесе құжаттарды 
сканерлеу үшін бұл бағдарламаны қолдануға болады.  Сканерлеу 
мүмкіндіктерін ұсынылған шағын дисктегі Samsung Easy 
Document Creator бағдарламасының көмегімен пайдалану 
ұсынылады.
-
WIA: WIA – Windows суреттерді жүктеу қызметі дегенді білдіреді. 
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін компьютер тікелей құрылғыға USB 
кабель арқылы қосылған болуы керек (354-беттегі "WIA драйверін 
пайдаланып сканерлеу" 
бөлімін қараңыз).
USB жад: Құжатты сканерлеп, сканерленген суретті USB жад 
құрылғысына сақтауға болады.
Эл. почта: Сканерленген бейнені электрондық пошта тіркемесі 
ретінде жіберуге болады (350-беттегі "Электрондық поштаға 
сканерлеу" 
қараңыз).
FTP/SMB: Бейнені сканерлеп, оны FTP/SMB серверіне құюға 
болады (352-беттегі "FTP/SMB серверіне сканерлеу" қараңыз).