Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
390
5.  Пайдалы басқару құралдары
Samsung Printer Experience бағдарламасын пайдалану 
Samsung Printer Experience - Samsung құрылғысының параметрлері 
мен құрылғыны басқаруды бір орынға біріктіретін Samsung 
компаниясының қосымша бағдарламасы. Құрылғы параметрлерін 
орнату, жабдықтарға тапсырыс беру, ақаулықтарды жою нұсқауларын 
ашу, Samsung веб-торабына кіру жəне қосылған құрылғылар туралы 
ақпаратты тексеруге болады. Егер құрылғы Интернет қосылымы бар 
компьютерге қосылған болса, бұл бағдарлама Windows 
Store(Қоймалар) торабынан автоматты түрде жүктеледі. 
Samsung Printer Experience түсіну
Бағдарламаны ашу үшін, 
Бастау экранынан, Samsung Printer Experience  (
)  элементін 
таңдаңыз. 
Samsung Printer Experience интерфейсі келесі кестеде көрсетілген 
түрлі пайдалы функцияларды қамтиды:
 
Скриншот пайдаланылып жатқан модельге байланысты 
өзгешеленуі мүмкін.
 
1
Принтер 
ақпараты
Бұл аймақ машина туралы жалпы ақпаратты 
береді. Құрылғы күйі, орны, IP мекенжайы жəне 
қалған тонер деңгейі сияқты ақпаратты тексере 
аласыз.