Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
398
6.  Ақаулықтарды жою
Қағазды беру қателері
Күйі
Ұсынылатын шешімдер
Басып шығару кезіндегі қағаз 
кептелістері.
Қағаз кептелісін тазалаңыз.
Қағаз бір біріне жабысып қалады.
• Науаның ең көп қағаз сыйымдылығын тексеріңіз.
• Дұрыс қағаз түрін пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
• Қағазды науадан шығарыңыз жəне бүгіңіз немесе желдетіңіз.
• Жоғары ылғалдылық жағдайлары кейбір қағаздың бір-біріне жабысып қалуына себеп болуы мүмкін.
Қағаздың бірнеше парағы берілмейді. Науада қағаздың əр түрлі түрлері салынған болуы мүмкін. Тек түрі, өлшемі жəне салмағы бірдей қағазды 
салыңыз.
Қағаз құрылғыға берілмейді.
• Құрылғы ішінен барлық кедергілерді алып тастаңыз.
• Қағаз дұрыс салынбаған. Қағазды науадан алып тастап, қайтадан дұрыстап салыңыз.
• Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз.
• Қағаз тым қалың. Тек машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз кептеле береді.
• Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз. Егер арнайы материалдарда басып 
шығарсаңыз, науада қолмен беру əдісін пайдаланыңыз.
• Пайдаланылып жатқан қағаз түрі дұрыс емес. Тек машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды 
пайдаланыңыз.
• Құрылғы ішінде кір болуы мүмкін. Алдыңғы қақпақты ашыр, барлық кірден тазалаңыз.
Конверттер қисық шығады немесе 
дұрыс берілмейді.
Конверттердің екі жағында да қағаз бағыттауыштарының болуын қамтамасыз етіңіз.