Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
• Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы Eco мүмкіндігін 
қолдайды (80-беттегі "Үнемді басып шығару" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін бір қағаз парағында бірнеше бетті басып 
• Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып шығаруға 
болады (екі жақты басып шығару) (330-беттегі "Кеңейтілген басып 
шығару мүмкіндіктерін пайдалану" 
бөлімін қараңыз).
• Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған 
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын 
автоматты түрде үнемдейді.
• Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды 
пайдалануды ұсынамыз.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып 
шығару
• Көгілдір, маджента, сары жəне қара түстерді пайдалана отырып 
түстердің толық ауқымымен басып шығаруға болады.
• 9,600 x 600 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен 
басып шығара аласыз (600 x 600 x 4 бит).
• Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
- CLX-419x series/C186x series
▪ Бір жақты басып шығару үшін 18 ppm (A4) немесе 19 ppm 
(Letter) дейін.
- CLX-626x series
▪ Бір жақты басып шығару үшін 24 ppm (A4) немесе 25 ppm 
(Letter) дейін.
▪ Екі жақты басып шығару үшін 12 ppm (A4) немесе 12 ppm 
(Letter) дейін.