Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
12
1. 
Кіріспе
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
Осы пайдаланушы нұсқаулығында машинаның негіздері туралы 
ақпарат, сонымен бірге, машинаны пайдалануды түсіндіретін егжей-
тегжейлі қадамдар берілген.
Бұл нұсқаулықты тастамаңыз жəне болашақта пайдалану үшін 
сақтап қойыңыз.
Құрылғыны пайдалану алдында қауіпсіздік туралы ақпаратты оқып 
шығыңыз.
Машинаны пайдалану бойынша мəселе болса, ақаулықтарды жою 
тарауын қараңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында пайдаланылған терминдер 
глоссарий тарауында түсіндірілген.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық суреттер оның 
параметрлеріне немесе сатып алған модельге байланысты басқа 
болуы мүмкін.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы скриншоттар құрылғының 
микробағдарламасының/драйверінің нұсқасына байланысты басқа 
болуы мүмкін.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы іс рəсімдер негізінен Windows 
жүйесіне негізделген.
Келісімдер
Бұл нұсқаулықтағы кейбір терминдер төмендегідей бір-бірінің орнын 
басады:
Құжат түпнұсқаның синонимі болып табылады.
Қағаз құралдың немесе баспа құралының синонимі болып 
табылады.
Құрылғы принтерді немесе көп функциялы сыртқы құрылғыны 
білдіреді.
Жалпы белгішелер
Белгіше
Текст
Сипаттама
Абайлаң
ыз
Құрылғыны ықтимал механикалық зақымнан 
қорғау немесе бұзылуына жол бермеу туралы 
пайдаланушыларға ақпарат береді.
Ескерту
Пайдаланушыларға жарақат алу мүмкіндігі бар 
екендігін ескерту үшін пайдаланылады.
Ескертпе
Құрылғының функциясы жəне мүмкіндігі туралы 
толық техникалық сипат немесе қосымша 
ақпарат береді.