Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
Басып шығару мүмкіндіктері
150
3.  
Арнайы мүмкіндіктер
Mac 
басып шығару
 
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір 
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерге 
қолдау көрсетілмейтінін білдіреді.
 
Құжатты басып шығару
Mac 
жүйесінде басып шығарғанда, əр пайдаланатын бағдарламада 
принтер драйверінің параметрлерін тексеру керек. Mac компьютерінде 
басып шығару үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1
Басып шығарылатын құжатты ашыңыз.
File 
мəзірін ашып, Page Setup (кейбір бағдарламаларда 
Document Setup
тармағына өтіңіз.
Қағаз өлшемін, бағдарын, масштабын, басқа параметрлерді 
таңдаңыз жəне құрылғының таңдалғанын тексеріңіз. OK 
түймесін басыңыз.
File 
мəзірін ашыңыз жəне Print пəрменін таңдаңыз. 
Көшірмелер санын таңдаңыз жəне басып шығару керек беттерді 
көрсетіңіз. 
Print 
түймесін басыңыз.
Принтер параметрлерін өзгерту
Құрылғыны пайдалану барысында қосымша басып шығару 
мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Бағдарламаны ашып, File мəзірінде Print пəрменін таңдаңыз. Принтер 
сипаттары терезесінде шығатын машина атауы пайдаланылатын 
машинаға байланысты басқа болуы мүмкін. Атауы болмаса, принтер 
сипаттары терезесінің құрылғысы келесіге ұқсас.
Бір парақта бірнеше бетті басып шығару 
Бір қағаз парағында бірнеше бетті басып шығаруға болады. Бұл 
мүмкіндік жоба жазба көшірмелерді басып шығарудың үнемді жолын 
береді.
1
Бағдарламаны ашып, File мəзірінде Print пəрменін таңдаңыз.
Orientation 
астындағы ашылмалы тізімде Layout параметрін 
таңдаңыз. Pages per Sheet ашылмалы тізімінде бір қағаз 
парағында басып шығару керек беттердің санын таңдаңыз.
Пайдаланылатын басқа параметрлерді таңдаңыз.
Print 
түймесін басыңыз. 
Машина таңдалған басып шығару керек беттерді бір парақта 
басып шығарады.