Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
201
 
Глоссарий
Глоссарий
 
Келесі глоссарий басып шығаруға қатысты көп қолданылатын жəне 
осы пайдаланушыға арналған нұсқаулықта кездесетін 
терминологияны түсіну арқылы өніммен танысуға көмектеседі.
 
802.11
802.11 - 
сымсыз жергілікті желі (WLAN) байланысына арналған 
стандарттар жиынтығы, IEEE LAN/MAN Стандарттар комитеті (IEEE 
802) 
тарапынан дайындалған. 
802.11b/g/n
802.11b/g/n 
кейбір жабдықтарды ортақ пайдалануы жəне 2,4 ГГц 
жиілігін пайдалануы мүмкін. 802.11b 11 Мб/с-қа дейінгі өткізу 
мүмкіндігін, 802.11n 150 Мб/с-қа дейінгі өткізу мүмкіндігін қолдайды. 
802.11b/g/n 
құрылғыларына кейде микротолқындық пештер, сымсыз 
телефондар жəне Bluetooth құрылғылар кедергі келтіруі мүмкін.
Қатынас нүктесі
Қатынас нүктесі немесе сымсыз қатынас нүктесі (AP немесе WAP) - 
сымсыз жергілікті желілерде (WLAN) сымсыз байланыс құрылғыларын 
байланыстыратын жəне WLAN радиосигналдары үшін орталық 
трансмиттер жəне ресивер ретінде жұмыс істейтін құрылғы. 
ADF
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (ADF) - түпнұсқа қағаз 
парағын автоматты түрде беретін сканерлеу құрылғысы, құрылғы 
қағаздың біршама көлемін бір уақытта сканерлей алады. 
AppleTalk
AppleTalk - 
компьютерлік желі құру үшін Apple, Inc шығарған арнайы 
протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Mac (1984) құрамына енгізілген 
жəне қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің пайдасына жойды.
Биттік тереңдік
Растрлік суреттегі бір пикселдің түсін көрсету үшін пайдаланылатын 
биттер санын сипаттайтын компьютерлік графика термині. Жоғарырақ 
түс тереңдігі анық түстердің кеңірек ауқымын береді. Биттер саны 
көбейген сайын, түстер картасы үшін мүмкін болатын түстер саны тым 
көбейіп кетеді. 1-битті түс əдетте монохромды немесе қара жəне ақ 
деп аталады.
BMP
Microsoft Windows 
графикалық ішкі жүйесі (GDI) пайдаланатын жəне 
сол платформада қарапайым графикалық файл пішімі ретінде 
пайдаланылатын растрлік графика пішімі.