Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manual De Usuario

Descargar
Página de 216
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы үнемдеу мүмкіндігін 
қолдайды (158-беттегі "Easy Eco Driver" бөлімін қараңыз).
Қағазды үнемдеу үшін қағаз парағында бірнеше бетті басып 
шығаруға болады (142-беттегі "Кеңейтілген басып шығару 
мүмкіндіктерін пайдалану" 
бөлімін қараңыз).
Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі жағында да басып шығаруға 
болады (қолмен екі жақты басып шығару) (142-беттегі "Кеңейтілген 
басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану" 
бөлімін қараңыз).
Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған 
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын 
автоматты түрде үнемдейді.
Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды 
пайдалануды ұсынамыз.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып шығару
Көгілдір, маджента, сары жəне қара түстерді пайдалана отырып 
түстердің толық ауқымымен басып шығаруға болады.
• 2 400 x 600 
нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен 
басып шығара аласыз (600 x 600 x 2 бит).
Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
Ыңғайлылық
Ұялы телефоныңызды принтердің NFC белгішесіне тигізіңіз де, 
басып шығаруды орындаңыз (128-беттегі "NFC мүмкіндігін 
пайдалану" 
бөлімін қараңыз). 
• Samsung Cloud Print 
бағдарламасы іске қосылған смартфон 
немесе компьютер арқылы басып шығаруға болады (134-беттегі 
"Samsung Cloud Print" 
қараңыз).
• Google Cloud Print 
бағдарламасы іске қосылған смартфон немесе 
компьютер арқылы басып шығаруға болады (136-беттегі "Google 
Cloud Print™" 
қараңыз).