Samsung GT-I9100 Guía De Instalación Rápida

Descargar
Página de 30
2
Осы Samsung ұялы телефонын сатып алғаныңызға 
алғыс білдіреміз. Бұл құрылғы Samsung компаниясының 
ерекше технологиясы мен жоғары стандарттарына 
негізделген жоғары сапалы ұялы байланыс пен ойын-
сауықпен қамтамасыз етеді.
Бұл нұсқаулықтың мазмұны өнімнен немесе қызмет 
көрсетуші провайдерлер немесе тасымалдаушы 
берген бағдарламалық жасақтамадан ерекшеленуі 
мүмкін және алдын ала ескертусіз өзгертіледі. 
Құрылғымен бірге берілген заттар мен қол 
жетімді аксессуарлар аймағыңызға немесе қызмет 
көрсетуші провайдерге байланысты әр түрлі болуы 
мүмкін.
Қосымша аксессуарларды жергілікті Samsung 
делдалынан сатып алуға болады.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар құрылғыңызда өте 
жақсы жұмыс істейді.
Жинақта берілгендерден басқа аксессуарлар 
құрылғыңызбен үйлеспеуі мүмкін.
Нұсқаулық белгішелері
Іске кіріcер алдында осы нұсқаулықта кездесетін 
белгішелермен танысып алыңыз: 
Ескерту—өзіңіздің немесе басқалардың 
жарақаттануына себеп болатын жағдайлар
Сақтандыру—құрылғыңыздың немесе басқа 
жабдықтың зақымдалуына себеп болатын 
жағдайлар