Samsung Моно лазерное МФУ SCX-4650N 24 стр/м Manual De Usuario

Descargar
Página de 289
Басып шығару мүмкіндіктері
195
4.  
Арнайы мүмкіндіктер
Терезенің жоғарғы жағында көрсетілетін келесі төрт қойындыны 
пайдаланып басып шығару тапсырмасының сипаттарын 
өзгертіңіз.
General: 
Қағаз өлшемін, қағаз түрін жəне құжаттардың 
бағдарын өзгертеді. Ол екі жақты басып шығару мүмкіндігін 
қосады, басында жəне соңында жарияламаларды қосады 
жəне əр парақтағы беттердің санын өзгертеді.
 
Модельдерге байланысты автоматты/қолмен екі жақты басып 
шығару қол жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lpr басып 
шығару жүйесін немесе тақ-жұп басып шығаруға арналған басқа 
бағдарламаларды пайдалана аласыз.
 
Text: 
Бет шеттерін көрсетеді жəне аралық немесе бағандар 
сияқты мəтін параметрлерін орнатады.
Graphics: 
Сурет файлдарын басып шығарғанда 
пайдаланылатын түс параметрлері, сурет өлшемі немесе 
суреттің күйі сияқты сурет параметрлерін орнатады.
Advanced: 
Басып шығару ажыратымдылығын, қағаздың 
көзін жəне тағайындалған орнын орнатады.
Өзгертулерді қолдану үшін Apply түймесін басыңыз жəне 
Properties 
терезесін жабыңыз.
Басып шығаруды бастау үшін LPR GUI терезесінде OK түймесін 
басыңыз.
Басып шығару тапсырмасының күйін бақылауға мүмкіндік 
беретін «Басып шығару» терезесі шығады.
Ағымдағы тапсырманы доғару ұшін Cancel түймесін басыңыз.
Файлдарды басып шығару
CUPS 
серверін пайдаланып тікелей пəрмені жолы интерфейсінен 
машинада файлдардың көп түрлерін басып шығара аласыз. CUPS lpr 
қызметтік бағдарламасы мұны істеуге мүмкіндік береді, бірақ драйвер 
бумасы стандартты lpr құралын түсініктірек LPR GUI бағдарламасымен 
ауыстырады.
Кез келген құжат файлын басып шығару үшін:
1
Linux shell 
пəрмен жолында lpr <file_name> дегенді енгізіп, Enter 
пернесін басыңыз. LPR GUI терезесі шығады.
Тек lpr сөзін енгізіп, Enter түймесін бассаңыз, алдымен Select 
file(s) to print
 
терезесі шығады. Жай басып шығару керек 
файлдарды таңдаңыз жəне Open түймесін басыңыз.
LPR GUI 
терезесіндегі тізімнен құрылғыңызды таңдап, баспа 
тапсырмасының сипаттарын өзгертіңіз.
Басып шығаруды бастау үшін OK түймесін басыңыз.