Samsung Моно лазерное МФУ SCX-4650N 24 стр/м Manual De Usuario

Descargar
Página de 289
233
5.  
Пайдалы басқару құралдары
Samsung Easy Printer Manager 
бағдарламасын пайдалану 
 
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол 
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Бағдарламалық жасақтама" 
бөлімін қараңыз).
Тек Windows жəне Macintosh жүйелерінің пайдаланушыларына 
қол жетімді (8-беттегі "Бағдарламалық жасақтама" бөлімін 
қараңыз).
• Windows 
жүйесінде 
Samsung Easy Printer Manager
 
бағдарламасы үшін Internet Explorer 6.0 немесе одан жоғары 
нұсқасы ең жоғары талап болып табылады.
 
Samsung Easy Printer Manager – Samsung 
құрылғысының 
параметрлерін бір жерге біріктіретін бағдарлама. Samsung Easy Printer 
Manager 
бағдарламасы құрылғы параметрлерін, сонымен бірге, басып 
шығару орталарын, параметрлерін/əрекеттерін жəне іске қосуды 
біріктіреді. Осы мүмкіндіктердің барлығы Samsung машинасын 
ыңғайлы пайдалануға жол ашады. Samsung Easy Printer Manager 
пайдаланушыға таңдау үшін екі түрлі пайдаланушылық интерфейсті 
қамтамасыз етеді: негізгі пайдаланушылық интерфейс жəне 
кеңейтілген пайдаланушылық интерфейс. Екі интерфейстің арасында 
ауысу оңай: жай түймені басыңыз.
Samsung Easy Printer Manager 
бағдарламасын 
түсіну
Бағдарламаны ашу үшін: 
Windows 
жүйесінде
Бастау > Бағдарламалар немесе Барлық бағдарламаларда > 
Samsung Printers > Samsung Easy Printer Manager > Samsung Easy 
Printer Manager 
тармағын таңдаңыз.
Macintosh 
жүйесінде
Applications 
қалтасын > Samsung қалтасын > Samsung Easy Printer 
Manager 
тармағын ашыңыз.
Samsung Easy Printer Manager 
интерфейсі төмендегі кестеде 
сипатталған əр түрлі негізгі бөлімдерден тұрады: