Samsung Моно лазерное МФУ SCX-4650N 24 стр/м Manual De Usuario

Descargar
Página de 289
247
6.  
Ақаулықтарды жою
Басып шығару мəселелері
Күйі
Ықтимал себеп
Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы басып 
шығармайды.
Құрылғы электр тогын алмайды.
Алдымен машинаны электр көзіне қосыңыз. Құрылғының басқару тақтасында 
 (
Питание/Пробуждение) түймесі болса, оны басыңыз. 
Құрылғы əдепкі құрылғы ретінде 
таңдалмаған.
Машинаны Windows жүйесіндегі əдепкі машина ретінде таңдаңыз.
Құрылғыда келесіні тексеріңіз:
Қақпақ жабылмаған. Қақпақты жабыңыз.
Қағаз кептелген. Қағаз кептелуін тазалаңыз (96-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін қараңыз).
Қағаз салынбаған. Қағаз жүктелмеген (42-беттегі "Науаға қағаз салу" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджі орнатылмаған. Тонер картриджін орнатыңыз (80-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджінен қорғау жабыны мен беттердің алынғанына көз жеткізіңіз (80-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" 
бөлімін қараңыз).
Жүйелік қате орын алса, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Компьютер мен құрылғы арасындағы 
қосылым кабелі дұрыстап қосылмаған.
Құрылғы кабелін ажыратып, қайта қосыңыз (25-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін 
қараңыз).
Компьютер мен құрылғы арасындағы 
қосылым кабелінде ақаулық бар.
Мүмкін болса, кабельді дұрыс істеп тұрған басқа компьютерге қосыңыз жəне 
тапсырманы басып шығарыңыз. Сондай-ақ, басқа құрылғы кабелін 
пайдаланып көруге болады.
Порт параметрі дұрыс емес.
Windows 
принтер параметрлерін тексеріп, басып шығару тапсырмасы дұрыс 
портқа жіберілетінін тексеріңіз. Егер компьютерде бірнеше порт болса, 
құрылғының дұрыс портқа қосылғанын тексеріңіз.