Samsung Моно лазерное МФУ SCX-4650N 24 стр/м Manual De Usuario

Descargar
Página de 289
260
6.  
Ақаулықтарды жою
Сканерлеу мəселелері
Күйі
Ұсынылатын шешімдер
Сканер жұмыс істемейді.
Түпнұсқалы құжат сканер шынысында төмен немесе құжат бергіште жоғары қаратылып орналастырылғанына көз 
жеткізіңіз (51-беттегі "Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
Сканерлеу керек құжатты сақтау үшін қол жетімді жад жеткіліксіз болуы мүмкін. Просмотр функциясын қолданып 
көріңіз. Сканерлеу ажыратымдылығының деңгейін төмендетіп көріңіз.
Құрылғы принтерінің кабелі тиісті түрде қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғы принтерінің кабелінің ақаулы емес екеніне көз жеткізіңіз. Принтер кабелін жарамды екені белгілі кабельмен 
ауыстырыңыз. Қажет болса, принтер кабелін ауыстырыңыз.
Сканердің дұрыс теңшелгенін тексеріңіз. Сканерлеу тапсырмасы тиісті портқа (мысалы, USB001) жіберілетініне көз 
жеткізу үшін SmarThru Office немесе пайдаланылатын басқа бағдарламада сканерлеу параметрін тексеріңіз.
Құрылғы тым баяу 
сканерлейді.
Құрылғының алынған деректерді басып шығарып жатпағанын тексеріңіз. Егер солай болса, құжатты алынған 
деректер басып шығарылғаннан кейін сканерлеңіз.
Сызбалық мəтіннен гөрі баяулау сканерленеді.
Сканерленген суретті талдау жəне қайта жасау үшін көп мөлшерде жад қажет болатындықтан сканерлеу режимінде 
хабарласу жылдамдығы төмендейді. BIOS параметрі арқылы компьютерді ECP принтер режиміне орнатыңыз. Бұл 
жылдамдықты арттыруға көмектеседі. BIOS параметрлерін орнату туралы қосымша ақпарат алу үшін компьютердің 
нұсқаулығын қараңыз.