Panasonic TH-65VX300ER Guía De Operación

Descargar
Página de 20
7
Қауіпсіздік шаралары
 3D мазмұнын көру
3D көру мазмұны бөлек сатылатын Blu-ray дискілерді, 3D таратуды жəне тағы басқаларды қамтиды.
Өзіңіздің 3D мазмұнын дайындаған кезде оның дұрыс ойнатылуын қамтамасыз етіңіз.
Жарыққа қарсы аса сезімтал болсаңыз, жүрегіңіз ауырса немесе басқа да сырқаттарыңыз болса, 3D 
көзілдірігін қолданбаңыз.
Егер шаршап тұрсаңыз, өзіңізді жақсы сезінбесеңіз немесе басқа қолайсыз сезінулер болса, 3D көзілдірігін 
қолдануды дереу тоқтатыңыз.
3D киносын көргеннен кейін тиісті үзіліс алыңыз.
3D ойындары немесе компьютерлері сияқты интерактивті құрылғылардан 3D мазмұнын көргеннен кейін 
30 - 60 минут аралығында үзіліс жасаңыз.
Теледидардың экранын басқа адамдардың кездейсоқ басуына мұқият болыңыз. 3D көзілдірігін қолданған 
кезде, пайдаланушы жəне экранның арасындағы қашықтық дұрыс бағаланбауы мүмкін.
3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана тағыңыз.
3D  суреттерін  көру  барысында  теледидар  экранынан  қарамасаңыз, 3D көзілдірігі  автоматты  түрде 
өшірілуі мүмкін.
Егер көз ауруларына душар болсаңыз (жақыннан / алыстан көргіш, астигматизм, сол жəне оң жақ көзде 
айырмашылығы), 3D көзілдірігін қолданудан бұрын көзіңізді емдеткеніңіз жөн.
3D мазмұнын көрген кезде қосарланған суреттерді таза көрсеңіз, 3D көзілдірігін қолдануды тоқтатыңыз.
Түрлі плазма дисплейлері қатарластыра орналастырылғанда 3D кескіндері қосарлануы мүмкін. Мұның 
алдын алу үшін əрбір дисплейді сəйкес орынға орналастырыңыз.
3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан аз қашықтықта қолданбаңыз.
Ең аз ұсынылған ара қашықтықтан көру (экранның 3 есе əсер ететін биіктігі).
Ұсынылатын ара қашықтық
TH-65VX300ER: 2,4 м
Экранның жоғарғы жəне төменгі аумағы қарайған кезде, мысалы кино, экранды нақты суреттің 
биіктігінен 3 есе алысырақ қашықтықта көріңіз. (Қашықтық жоғарыдағы суретте ұсынылғаннан 
жақынырақ болады.)
 3D көзілдірігін қолдану
3D көзілдірігін қолданудан бұрын, байқаусыз зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін 
пайдаланушының айналасында сынған заттар жоқ екенін тексеріңіз.
Құлап қалуды немесе жарақаттануды болдырмау үшін қозғалудан бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз.
3D көзілдірігін қолданғаннан кейін əрдайым қорабына (жинаққа кіреді) салыңыз.
3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана қолданыңыз.
3D көзілдірігін жоғары температуралы шарттарда қолданбаңыз.
Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған болса, қолданбаңыз.
Инфрақызыл  сигналдар  шығаратын  құрылғыларды 3D көзілдірігінің  қасында  қолданбаңыз,  ол 3D 
көзілдірігінің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болады.
3D көзілдірігінің қасында қатты элетромагниттік толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы, ұялы 
телефон  немесе  жеке  радиотаратқыш)  қолданбаңыз, 3D көзілдірінің  жарамсыздығына  себеп  болуы 
мүмкін.
Егер жарамсыздық немесе ақау пайда болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін қолдануды 
дереу тоқтатыңыз.
Кей жағдайларда, 3D көзілдірігіне қолданылған материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
 Литий батареясы
Егер батарея дұрыс салынбаса, жарылыс қаупі болады. Бірдей немесе баламалы түрімен ауыстырыңыз.