Panasonic TH-65VX300ER Guía De Operación

Descargar
Página de 74
6
Қауіпсіздік шаралары
 ЕСКЕРТУ 
 Плазмалық дисплейді пайдалану барысында 
Плазмалық дисплейдің желдету тесіктеріне қолыңызды, бетіңізді немесе басқа заттарды 
жақындатпаңыз.
• Плазмалық  дисплейдің  жоғарғы  жағынан  ыстық  ауа  шығарылады.  Қолыңызды,  бетіңізді  жəне  жоғары 
температураға төзімсіз басқа да заттарды жақындатпаңыз, кері жағдайда күйіп қалуыңыз мүмкін немесе 
заттар зақымдалуы ықтимал.
Плазмалық дисплейді орнынан жылжытпас бұрын барлық кабельдерін ажыратыңыз.
• Плазмалық дисплей кей кабельдері қосулы кезде жылжытылса, кабельдерге зақым келуі мүмкін, ол өртке 
немесе ток соғуға апарып соғуы ықтимал.
Кез  келген  тазалау  жұмысының  алдында  қауіпсіздік  шарасы  ретінде  қабырға  розеткасынан  электр 
шнурының штепселін ажыратыңыз.
• Керісінше жағдайда ток соғуы мүмкін.
Шаң басып қалмас үшін, электр шнурын жиі сүртіп тұрыңыз.
• Егер  электр  шнурының  штепселін  шаң  басып  қалса,  нəтижесінде  пайда  болған  ылғал  оқшаулауғышты 
зақымдап, өрт пайда болуы мүмкін. Электр шнурының штепселін қабырға розеткасынан ажыратып, электр 
шнурын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Батареяларды жақпаңыз жəне зақымдамаңыз.
• Батареялардың күн көзі, от жəне т.с.с. ыстықта қалуына жол бермеңіз.
Бұл плазмалық дисплей инфрақызық сəулелер шашыратады, сондықтан құрылғылардың инфрақызыл 
байланысына кедергі келтіруі мүмкін.
Инфрақызыл  сенсорыңызды  плазмалық  дисплейден  тікелей  немесе  шағылысқан  жарық  түспейтін 
жерге қойыңыз.
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
Дисплейлің алдыңғы жағында арнайы жабын бар. Панель бетін тек тазалағыш немесе жұмсақ, сызықтары 
жоқ шүберекпен абайлап сүртіңіз.
• Егер панел беті тым кір болса, таза суда немесе бейтарап жуғыш зат 100 есе сұйылтылған суда 
ылғалдандырылған жұмсақ, сызықтары жоқ шүберекпен сүртіңіз, одан кейін дəл сондай дымқыл емес 
шүберекпен панель беті құрғағанша сүртіңіз.
• Панель бетін тырнақпен немесе басқа қатты заттармен тырнамаңыз жəне тигізіп алмаңыз, кері жағдайда 
оған зақым тиюі ықтимал. Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық 
заттардан қорғаңыз, себебі олар панель бетіне зиян тигізуі ықтимал.
Корпус кірлесе, оны жұмсақ əрі құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Егер корпус тым кірлеп кетсе, бейтарап жуғыш заттың аз мөлшері қосылған суда шүберекті ылғалдандырып, 
одан кейін құрғақ қылып сығып алыңыз. Корпусты осы шүберекпен сүртіп, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Жуғыш заттардың плазмалық дисплей бетімен тікелей əсерлесуіне жол бермеңіз. Дисплей ішіне су тамшылары 
кіріп кетсе, оның қызметінде ақау пайда болуы мүмкін.
• Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық заттардан қорғаңыз, себебі 
корпус сапасына зиян келуі не тіпті сыртқы жабыны түсіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ, резина не пластмассадан 
жасалған заттармен ұзақ уақыт бірге тұруына жол бермеңіз.