LG LGV500 Mode D'Emploi
112
Планшеттің бағдарламалық құралын жаңарту
Бұл функция планшеттің микробағдарламасын қызмет көрсету
орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең соңғы
нұсқасына жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл функцияны пайдалану әдісі
туралы қосымша ақпаратты келесі торапқа өтіңіз: http://www.lg.com
Ұялы құрылғының микробағдарламасын жаңарту пайдаланушының
толық назарын жаңарту процесі аяқталмағанша талап ететіндіктен,
келесі қадамға өтудің алдында әр қадамда орын алатын барлық
нұсқаулар мен ескертпелерді міндетті түрде тексеріңіз. Жаңарту кезінде
USB кабелін немесе батареяны алу планшетті қатты зақымдауы мүмкін
екенін ескеріңіз.
LG ұялы телефонының бағдарламалық
құралын сымсыз (OTA) стандарты арқылы
жаңарту
Бұл мүмкіндікті пайдаланып, планшеттің бағдарламалық құралын
USB деректер кабелін жалғау қажеттілігінсіз, ыңғайлы түрде OTA
стандарты арқылы жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік тек LG компаниясы
құрылғыңыз үшін бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасын шығарған
кезде қолжетімді болады. Алдымен, планшеттегі бағдарламалық құрал
нұсқасын тексеруге болады:
Негізгі экраннан
Мәзір пернесін
>
Жүйе баптаулары > Планшет
туралы > Бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат тармағын
таңдаңыз.
Планшеттің бағдарламалық құралын жаңарту