LG D295 Manuel D’Utilisation

Page de 406
18
Маңызды ескерту
6.  Бағдарламаларды ашу және ауыстырып қосу
Көп тапсырмаларды орындау Android жүйесінде оңай, бір уақытта бірнеше 
қосымшамен жұмыс істеуге болады. Басқа қолданбаны ашу үшін ашық тұрғанды 
жабудың қажеті жоқ. Бірнеше ашық қолданбаны пайдаланыңыз және арасында 
ауысыңыз. Android әрбір қолданбаны басқарып, күтудегі қолданбалар қажетсіз 
ресурстарды пайдаланбауы үшін, оларды қажет болғанда тоқтатып және іске қосып 
отырады.
1  
Соңғы пернесін 
 басыңыз. Жиі пайдаланылатын бағдарламалардың тізімі 
көрсетіледі.
2  
Өткіңіз келген қолданбаны түртіңіз. Ол телефонның фонында іске қосылған 
алдыңғы қолданбаны тоқтатпайды. Қолданбаны пайдаланғаннан кейін одан шығу 
үшін 
Артқа пернесін 
 басыңыз.
Қолданбаларды тоқтату үшін соңғы қолданбалар тізімінен 
Тапсырмалар реттегіші 
тармағын түртіңіз, одан кейін 
Тоқтату не Барлығын тоқтату опциясын түртіңіз.
Қолданбаны соңғы қолданбалар тізімінен алып тастау үшін қолданба қарап алуды 
солға не оңға қарай сипаңыз. Барлық қолданбаны өшіру үшін 
Барлығын тазарту 
опциясын түртіңіз.
 
7.  Мультимедианы синхрондау (MTP) функциясын 
пайдаланып музыканы, суреттерді және 
бейнелерді тасымалдау
1  
 > 
 > 
Қосымшалар қойындысы > Баптаулар > Жалпы қойындысы > 
Сақтау орны опциясын түртіп, сақтау құралын тексеріңіз. 
2  
Телефонды USB кабелі арқылы компьютерге қосыңыз.
3  
USB байланыс режимін таңдау телефон экранында пайда болады, Медиа 
үндестіру (MTP) опциясын таңдаңыз.
4  
Компьютерде жад қалтасын ашыңыз. Компьютеріңіздегі жалпы сақтау 
құрылғысының мазмұнын көріп, файлдарды дербес компьютерден құрылғы 
жадының қалтасына немесе керісінше тасымалдауға болады.