Zanussi ZOB35772XD Manuel D’Utilisation

Page de 80
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Егер сағат функциясы (Ұзақтық
және Аяқтау) аяқталып,
құрылғыны сөндірмесеңіз,
бұрылмалы істік тағы 10 минут
жұмысын жалғастыра береді.
Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің төмен
қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағышының және торкөз сөренің
бағыттағыштарының арасына салып
жылжытыңыз және тірегішінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Үстіңгі жағындағы шағын ойық
қауіпсіздікті арттырады.
Шығыңқы тұстар құралдардың
аударылып қалуына жол
бермейтін қауіпсіздік құралдары
болып табылады. Сөренің
айналасындағы биік жиек
ыдыстардың сөреден сырғып
кетуіне жол бермейді.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
www.zanussi.com
11