Zanussi ZOB35772XD Manuel D’Utilisation

Page de 80
Тұмшапештің төбесі
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны қыздырғыш
элементті алмай тұрып сөндіру
керек. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз. Күйіп
қалу қатері бар.
Сөре сырғытпаларын алыңыз.
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
қыздырғыш элементті алып қоюға болады.
1. Қыздырғыш элементті ұстап тұрған
бұранданы алыңыз. Ең алғаш рет алған
кезде бұранда бұрағышты
пайдаланыңыз.
2. Қыздырғыш элементті еппен төмен
тартыңыз.
3. Тұмшапештің төбесін жұмсақ шүберек
пен жылы суды, жуғыш затты
пайдаланып тазалаңыз және кептіріңіз.
Қыздырғыш элементті әрекеттерді
керісінше орындап орнатыңыз.
Сөре сырғытпаларын салыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Қыздырғыш элементтің дұрыс
орнатылғанына және құлап
кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
Есікті шегіне дейін
ашып, есіктің екі
топсасын ұстаңыз.
1
Қос топсадағы
тетіктерді көтеріңіз
де бұраңыз.
2
Тұмшапештің есігін
бірінші ашу күйіне
жартылай
жабыңыз. Есікті
алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
3
Есікті жұмсақ мата
төселген орнықты
жерге қойыңыз.
4
2
B
1
Есік жақтаушасының (B) жоғарғы жағын қос
қолмен екі жағынан ұстаңыз да, ысырманы
босату үшін ішке қарай басыңыз. Есікті
босату үшін оның жақтаушасын алға қарай
тартыңыз.
www.zanussi.com
21