Zanussi ZOB35772XD Manuel D’Utilisation

Page de 76
Бұрылмалы істікті қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті пайдаланған
кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A
B
C
D
A) Бұрылмалы істіктің жақтауы
B) Шанышқылар
C) Істік
D) Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз. 
"Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы істік
айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Егер сағат функциясы (Ұзақтық
және Аяқтау) аяқталып,
құрылғыны сөндірмесеңіз,
бұрылмалы істік тағы 10 минут
жұмысын жалғастыра береді.
10
www.zanussi.com