Zanussi ZEI5680FB Manuel D’Utilisation

Page de 56
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен
жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін,
ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен
сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
www.zanussi.com
3