Zanussi ZDT92100FA Manuel D’Utilisation

Page de 32
ЖАРТЫЛАЙ ТОЛТЫРУ ПАРАМЕТРІ
Бұл параметр 
,  және 
 функциясымен бірге жұмыс істейді.
Осы параметрдің көмегімен аз мөлшердегі ыдыстарды жууға болады. Бұл функция
бағдарламаның уақыты мен қуат пен судың қолданылатын мөлшерін азайтады. Екі себетті де
толтырыңыз және жуғыш затты аз мөлшерде пайдаланыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
• Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін баспасаңыз, бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше
минут өткенде барлық индикаторлар сөнеді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЖАЛПЫ
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану
барысында кептіріп және тазалаған кезде
жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ,
қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек
қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз.
Егер қажет болса, алдын ала жуу
бағдарламасын (егер бар болса)
қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі
бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық
пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен
шыққан судың ыдыстардың барлығына
толық жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей
немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш,
шайғыш құралды және тұзды бөлек
пайдалануға немесе аралас
таблеткаларды пайдалануға болады
(мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1'').
Орамында көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай
11