Zanussi ZDT92100FA Manuel D’Utilisation

Page de 40
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май
немесе әк жиналып қалуы мүмкін. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін ұзақ
бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет
қосып орындауды ұсынамыз.
• Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін ыдыс жуғыш
машиналарға арналған арнайы жуғыш
затты ай сайын қолдануды ұсынамыз.
Өнімдердің орамындағы нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе жұмыс
істеп тұрып тоқтап қалса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпай тұрып,
мәселені кестедегі ақпараттың көмегімен
өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Дұрыс жөндемеген жағдайда
пайдаланушы қатерлі жағдайға тап
болуы мүмкін. Кез келген жөндеу
жұмысын тек білікті маман ғана
іске асыруға тиіс.
Кейбір ақаулықтарда аяқтау индикаторы
жыпылықтап, ақау барын көрсетеді.
Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласпай-ақ
жөндеуге болады.
Ақау және ескерту коды
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл
үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай
тұр.
• "Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 1 рет естіледі.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
• Дыбыстық сигнал 2 рет ара-тұра
естіледі.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
14