Zanussi ZDT92100FA Manuel D’Utilisation

Page de 40
Ақаулық
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама соңында жуғыш
зат үлестіргіште жуғыш
заттың қалдықтары қалады.
• Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш таблетка кептеліп
қалған, сондықтан оны су толығымен шайып кетіре
алмаған.
• Су жуғыш зат үлестіргіштен жуғыш таблетканы шайып
кетіре алмайды. Бүріккіш түтіктің бітеліп немесе
кептеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Себеттердегі заттардың жуғыш зат үлестіргіштің
қақпағын ашуға кедергі жасамай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының ішінде иіс бар.
• "Құрылғының ішін тазалау" тарауын қараңыз.
Ыдыстарға, науаға және
есіктің ішіне әк қалдықтары
тұрып қалған.
• "Су жұмсартқышты орнату" тарауын қараңыз.
Ыдыстардың түстері көмескі,
өңдері кеткен.
• Құрылғыда тек ыдыс жуғыш машинаға төзімді
ыдыстарды ғана жуыңыз.
• Себеттерді абайлап толтырып, абайлап босатыңыз.
Себеттерді толтыру парақшасын қараңыз.
• Осал заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "Ең
алғаш пайдалану алдында"
"Әркүндік пайдалану" немесе 
"Ақыл-кеңес" тарауларынан
қараңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері
Ені / биіктігі / тереңдігі (мм)
596 / 818 - 898 / 555
Электртоғына қосу 
1)
Кернеу (В)
220 - 240
Жиілік (Гц)
50
Құйылатын судың қысымы
Ең аз / ең көп (МПа)
0.5 (0.05) / 8 (0.8)
Сумен жабдықтау
Суық су немесе ыстық су
2)
ең көбі 60 °C
Сыйымдылығы
Орын параметрлері
13
Қуат тұтынуы
Қосулы режим (Вт)
5.0
Қуат тұтынуы
Сөндіру режимі (Вт)
0.50
1) Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2) Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса, тұтыну
қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
17