Philips HD 6163 Manuel D’Utilisation

Page de 124
49
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Ұстағышы бар қақпақ
B  Бақылау терезесі 
C  Қуыру себеті
D  Қыздыру элементі
E  «MIN» және «MAX» көрсеткіштері
F  Жеке алынатын ішкі ыдыс
g  Арнайы орын
H  Тұрақты сүзгі
i  Шешілмелі бақылау панелі
1  Қуат шамы
2  Температура шамы
3  Қосу/өшіру түймесі
4  Температураны бақылау құралы
J  Қауіпсіздік түймесі 
k  Қайта қосу түймесі 
l  Қуат сымын сақтау бөлімі
M  Тасымалдау саптары
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
 
- Қыздыру элементі бар бақылау панелін суға батырмаңыз немесе ағын су астында шаймаңыз.
абайлаңыз!
 
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес 
келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
 
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету 
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар 
мамандар алмастыру керек.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз 
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбау керек.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе 
үстелдің шетінен қуат сымы салбырап тұрмауы тиіс. 
 
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
 
- Қуырып жатқанда, ыстық бу фильтр арқылы шығады. Қолдарыңыз бен бетіңізді қауіпсіз 
қашықтықта ұстаңыз.  Сонымен бірге, қақпақты ашқан кезіңізде де ыстық будан сақ 
болуыңыз керек.
ҚазаҚша