Redmond RCM-1508 S SkyCoffee Manuel D’Utilisation

Page de 32
24
мамандардан кеңес алыңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз бен 
қосымшаның жұмысы жөніндегі ескертулеріңіз кезекті 
жаңарту кезінде ескерілетін болады.
Сіздің еліңіздегі REDMOND өнімінің пайдаланушыларын 
қолдау  қызметінің  байланыс  мәліметтерін 
www.redmond.company сайтынан қарауға болады. Сізге осы 
сайттағы кері байланыс нысанын толтыра отырып көмек-
ті алуға болады.
V.   КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік 
беріледі. Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді 
ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен материал-
дар немесе жинау сапасының жетіспеушілігінен туындаған кез 
келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек 
сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен 
және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. 
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәй-
кес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс 
жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар 
бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады. Осы 
кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдары-
на таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыз-
дауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің 
қолданыс мерзімі бұйым сатылған немесе өндірілген кезден 
есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспап  өндірілген  күнді  бұйым  корпусының  сәйкестендіру 
жапсырмасындағы сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық 
нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы және 7-ші белгілер айды, 8-ші — 
құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның 
пайдаланылуы осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық 
стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған күнінен 
3 жыл құрайды. 
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспап-
тың өзін қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті 
бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға 
қамқорлық білдіріңіз: мұндай бұйымдарды әдеттегі тұр-
мыстық қоқыспен тастамаңыз.