Philips HD 7762/00 Grind & Brew Manuel D’Utilisation

Page de 88
22
3  Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы 
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін 
сақтап қойыңыз.
3.1 Қауіпті жағдайлар
 
• Құрылғыны суға немесе басқа 
сұйықтықтарға батыруға және ағынды судың 
астында жууға болмайды.
3.2 Абайлаңыз!
 
• Құрылғыны қосар алдында, құрылғыда 
көрсетілген кернеу жергілікті желідегі 
кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 
• Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті 
жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips 
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет 
орталығында немесе білікті мамандар 
ауыстыруы керек.
 
• Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі 
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған 
және құралды пайдалануға қатысты қауіп-
қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды 
8 жасқа толған балалар және физикалық 
мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, 
білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана 
алады. 8 жасқа толмаған балалар ересектің 
қадағалауынсыз тазалау және техникалық 
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс. 
Құрал мен оның сымын 8 жасқа толмаған 
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
 
• Балалар құралмен ойнамауы керек.
 
• Ток сымы үстел жиегінен немесе құрал 
жұмыс жасап жатқан беттің жиегінен 
салбырап тұрмауы тиіс. 
 
• Құралдың ұнтақтау бөлігін, әсіресе ол токқа 
қосулы кезінде ұстамаңыз. 
 
• Орауыш материалдарды (пакетті, картон 
буферді, т.б.) балалардан алшақ қойыңыз. 
Олар ойыншық емес.
 
• Жұмыс істеп тұрған кезде құралдың ыстық 
бөліктерін ұстамаңыз. 
 
• Бұл құрал дәндерді ұнтақтап, кофе дайындау 
үшін жасалған. Ыстық су немесе буға күйіп 
қалуын болдырмау үшін оны мақсаты 
бойынша және күтіммен қолданыңыз.
1  Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және 
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен 
пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome
 веб-бетінде тіркеңіз. 
2  Жалпы сипаттама
(Cурет 1)
1  Сүзгі себеті
2  Сүзгі себетінің ұстағышы
3  Су деңгейінің көрсеткіші
4  Су ыдысының қақпағы
5  Дән ыдысының қақпағы
6  Контейнер таңдағыш
7  Түйірлік тұтқасы
8  Кофе дәнінің дуэттік контейнері
9  Ұсақтағыш түтігінің қақпағы
10  Ұсақтағыш түтігінің қақпағын құлыптау
11  Су құятын тесігі
12  Дисплей
A  Алдын ала ұнтақталған кофе белгішесі
B  Шыны-аяқ саны
C  Кофе шыны-аяқ белгішесі
D  Кофе дәнінің қоюлығын таңдау белгішесі
E  Қоюлығын таңдау түймесі
F  Таймер түймесі
G  Сағат көрсеткіші
H  Минут көрсеткіші
I  Таймер белгішесі
13  Қосу/өшіру түймесі
14  Шыны құмыра қақпағы
15  Шыны құмыра
16  Щетка