Polaris PWK 1725 CAW Каппучино Manuel D’Utilisation

Page de 22
 
17 
 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтыққа  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен  құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды суға 
малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман  тексеріп 
шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету 
үшін  жерге тұйықталу  бекітілген электр техникалық  нормаларға сәйкес келуі тиіс. Стандартты 
емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданған кезде оның  жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
 
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  құқығынан 
айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып-қосқышы «ӨШІРУ»  қалыбында тұрғанына  көз 
жеткізіңіз.   
 
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға соғылуынан 
сақтаңыз.  Пайдаланып  болғаннан  кейін,  тазартқанда  немесе  құрал  сынып  қалса    әрдайым  
желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды    желілік  сымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсельді    ашадан 
ұстаңыз.   
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау үшін 
сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды  тек  қана  білікті    мамандар  -  сервис  орталығының  қызметкері  ғана  ауыстыра  алады. 
Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге  ұшыратуы  
мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Шәйнекті  тек  қана  суды  жылыту  үшін  қолданыңыз.  Құралды    басқа  сұйықтықпен    ешқашан 
толтырмаңыз. 
 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
 
Назар аударыңыз!  
 
Назар аударыңыз! Сіздің шәйнегіңіз күйіп кетуден сақтандыру жүйесімен  жабдықталған. Егер 
шәйнектін ішінде су аз немесе жоқ болса, ол қызып кеткен кезде автоматты түрде  сөнеді. Егер 
бұл  орын  алса,  шәйнек  суығанша  кем  дегенде  жарты  сағаттай  күте  тұрыңыз,    содан  кейін 
шәйнекке су құюға болады. 
 
Шәйнекті  қабырғаға  таяу,  бөлменің  бұрышына,  салбырап  тұрған  тақтайлардың  немесе  ас  үйлік 
шкафтардың астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.      
 
Шәйнекті  max    белгісінен  асыра  және  min  белгісінен  төмен  толтырмаңыз.    Егер  шәйнекке  су  
тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді.