Polaris PWK 1721 CAL Manuel D’Utilisation

Page de 22
 
20 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан  тазарту 
керектігін білдіреді.  
 
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін  лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады: 
 
  25 г. лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
  15 минутқа қалдырыңыз. 
  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
 
Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз. 
 
 
 
Немесе сірке суының әлсіз ерітіндісі: 
 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сірке суының 1/3 бөлігін араластырады.  
  Осы  қоспаны    қыздыратын  элемент  жабылатындай  етіп,  шәйнекке  құйыңыз,  бірнеше 
рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
Сондай-ақ  сіз  пластмасса  шәйнектерді  қақтан  тазартуға  арналған  арнайы  құралдарды 
пайдалана аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз. 
 
Метал  шәйнектерді,    кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан  тазартуға 
арналған  құралдар    Сіздің  POLARIS  шәйнегіңізге  жарамайды  және  оларды  қолданған 
жағдайда, шәйнекті бүлдіруі мүмкін.  
 
Қақтан  тазартуға  арналған  ұнтақты    пайдаланғанда    қашанда  су  қосыңыз.  Бұл  құралды  суы 
жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз. 
 
Шәйнектің ішін тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарды ешқашан қолданбаңыз. 
 
 
Сүзгіні тазарту 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алғанда  немесе  орнатқанда  шәйнек    сөніп  тұруы  және  желіден 
ажыратылуы тиіс. Шәйнектің ішіндегі судың бәрін төгіңіз және толығымен суығанша күтіңіз.  
 
 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.. 
 
Сүзгі құралдың алдынғы жағында, қақпағының астында орналасқан. 
 
Сүзгіні тазарту үшін оны шәйнектен алып шығарыңыз (сүзгісіні баспаңыз!).  
 
Сүзгіні ағып тұрған судың  астына қойып,  жұмсақ қылшақтың көмегімен абайлап тазартыңыз 
(жинаққа кірмейді).  
 
Сүзгіні  шәйнекке  орнатқанда  қолыңыз  жақсылап  жуылған  болуы  тиіс.  Қолдың  терісінде 
сабын, крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл  суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.  
 
Тазартылған сүзгіні  шүмектің ішінде орнатылған науашықтарға  абайлап орнатыңыз.  Төменгі 
жақта орналасқан ілмек сыртқы бетіне іліністіру үшін сүзгінің жоғарғы жағынан басу қажет. 
 
 
Назар аударыңыз! Сындырып алмас үшін сүзгінің торын баспаңыз. 
 
Ескертпе:  Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі  тұрмыстық  
қалдықтармен  бірге      лақтырмай,  жоятын  ресми  пунктке  өткізіңіз.  Сөйтіп,  Сіз  қоршаған 
ортаны сақтауға  көмектесесіз.