Indesit DFG 26 B 10 EU Manuel D’Utilisation

Page de 72
72
KZ
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.
*
 Тек кейбір үлгілерде бар.
Ақаулық:
Ықтимал себептері / шешімдері:
Ыдыс жуу машинасы іске 
қосылмайды немесе оны басқару 
мүмкін емес.
•  Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны 
бір шамамен бір минуттан кейін қосып, бағдарламаны қайта орнатыңыз. 
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған. 
Есік жабылмайды.
• Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.
Ыдыс жуу машинасынан су 
ағызылмайды.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Су ағызу түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз.)
• Ағызу түтігі жабылып қалған.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
Ыдыс жуу машинасы шамадан 
тыс шуыл шығарады.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.
•  Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол 
ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес. («Іске қосу және 
пайдалану» бөлімін қараңыз). 
Табақтар мен стақандардың 
бетінде ақ түсті қабықшамен 
немесе тат қалдықтарымен 
қапталған.
•  Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың 
қаттылығына дұрыс қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін 
қараңыз).
• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
Табақтар мен стақандар 
сызылған немесе реңгі көкшіл.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
Ыдыс-аяқ дұрыс кептірілмейді.
• Кептіру циклы жоқ жуу циклы таңдалған.
•  Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен 
(«Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат параметрі қолайлы емес. 
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.
Ыдыс аяқ таза емес.
•  Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу» бөлімін 
қараңыз).
• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Тозаңдатқыш өзекшелер еркін жылжи алмайды.
• Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
•  Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол 
ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес. («Іске қосу және 
пайдалану» бөлімін қараңыз). 
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған. 
•  Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық қызмет 
көрсету» бөлімін қараңыз.)
•  Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін 
қараңыз).
Ыдыс жуу машинасына су 
кірмейді - Шүмек өшірулі 
дабылы.
(Кептіру және Соңы индикатор шамдары 
жылдам жыпылықтайды).
• Жүйеде су жоқ.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.
•  Құрылғы тоқтаған, себебі сигнал берілгенде ешбір әрекет жасалмаған
*
(
*
Тек кейбір үлгілерде бар
.)  
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, одан кейін 
шүмекті ашыңыз да, дәл сол түймені 20 секундтан кейін басу арқылы 
құрылғыны қайтадан қосыңыз. Құрылғыны қалпына келтіріп, жуу циклын 
қайтадан бастаңыз.
195116016.02
02/2014  jk  - Xerox Fabriano